Діндарлықты өлшеудің психометриялық тәсілдері: теориялық және әдіснамалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-17-27Кілт сөздер:
діндарлық, психометрия, өлшеу шкалалары, мәдениетаралық валидтілік, сапалық әдістер, сандық әдістер, діни тәжірибе.Аңдатпа
Бұл мақалада әртүрлі мәдени және діни контекстерде жеке діндарлықты өлшеуге арналған психометриялық тәсілдердің дамуы мен қолданысы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – діндарлықты өлшеуге арналған психометриялық тәсілдердің ғылыми негіздерін талдап, олардың қазіргі қоғамдағы қолдану тиімділігі мен шектеулерін анықтау. Негізгі бағыттар ретінде мәдениетаралық валидтілік, конфессиялық ерекшеліктерді ескеру және сандық пен сапалық әдістерді біріктіру мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік мәні – діндарлықты өлшеудің теориялық және практикалық негіздерін айқындау арқылы психология, әлеуметтік ғылымдар және денсаулық сақтау салаларында қолданылатын құралдарды жетілдіруге үлес қосу. Негізгі нәтижелер көрсеткендей, діндарлықты өлшеу саласында айтарлықтай жетістіктер болғанымен, көпмәдениетті қоғам жағдайында өлшеу құралдарының дұрыстығы мен бейімделу деңгейі әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Қорытындысында, мақала діндарлықты өлшеудің қазіргі тәсілдерін талдай отырып, оны мәдени және діни әртүрлілікте қолдануға байланысты негізгі әдістемелік мәселелерге назар аударады және осы салада болашақта жүзеге асырылуы мүмкін бағыттарды ұсынады.




