MBSR бағдарламасын қолданудың негізі ретінде студенттердің саналы өзін-өзі реттеу ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-8-20Кілт сөздер:
MBSR, саналық, саналы өзін-өзі реттеу, өзін-өзі реттеу стилі, ӨРС-98, студенттер, стресс.Аңдатпа
Мақалада студенттердің саналы өзін-өзі реттеу ерекшеліктері зейін қоюға негізделген стрессті төмендету (MBSR) бағдарламасын қолданудың негізі ретінде қарастырылып, В. И. Моросанованың «Мінез-құлықты өзін-өзі реттеу стилі - 98» (ССП-98) әдістемесі бойынша алынған эмпирикалық нәтижелер талданады. Зерттеуге 1–4-курс студенттері 515 студент қатысып, олардың өзін-өзі реттеу көрсеткіштері жоспарлау, модельдеу, бағдарламалау, нәтижелерді бағалау және икемділік шкалалары бойынша анықталды.
Зерттеу нәтижелері студенттердің басым бөлігінде өзін-өзі реттеудің орташа деңгейі басым екенін көрсетті (58,9 % - орташа, 28,0 % - жоғары, 13,1 % - төмен деңгей). Реттеуші құрылымда жоспарлау мен нәтижелерді бағалау ең дамыған компоненттер ретінде көрінсе, іс-әрекетті бағдарламалау мен икемділік мақсатты психологиялық қолдауды қажет ететін осал тұстар ретінде анықталды.
Алынған диагностикалық деректер негізінде MBSR бағдарламасы анықталған осал компоненттерді дамытудың перспективалық құралы ретінде теориялық тұрғыдан негізделді. Mindfulness жаттығулары автоматты реакцияларды азайтуға, саналықты тұрақтандыруға және мінез-құлық икемділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін екендігі сипатталады. Сонымен бірге алынған нәтижелер тек бағдарламаны енгізуге дейінгі бастапқы деңгейді көрсететіндіктен, MBSR әдістемесінің нақты тиімділігін дәлелдеу болашақта эксперименттік зерттеулер жүргізуді қажет етеді.





