Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларының ерекшеліктері

Авторлар

  • А.Б. Тайтелиева «Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның жәрдемдестік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Астана, Қазақстан Бұхара халықаралық университеті, Бұхара, Өзбекстан Автор https://orcid.org/0009-0007-5711-7073

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-115-128

Кілт сөздер:

кәмелетке толмаған құқық бұзушылар; психологиялық қорғаныс механизмдері; копинг-стратегиялар; девиантты мінез-құлық; психологиялық бейімдеу; әлеуметтік бейімделу; жасөспірімдер психологиясы.

Аңдатпа

Мақалада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың психологиялық қыры қарастырылады. Мұндай мінез-құлықтың қалыптасуына әлеуметтік жағдаймен бірге жасөспірімнің ішкі психологиялық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сондықтан құқық бұзушы жасөспірімдердің психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларын зерттеудің ғылыми әрі практикалық мәні бар.

Жұмыстың мақсаты кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларының ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың өзара байланысын талдау болды.

Зерттеу материалы психодиагностикалық әдістемелері арқылы жиналды. Олар психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларды бағалауға мүмкіндік берді. Топтарды салыстыру және жиналған деректерді өңдеу салыстырмалы-талдамалық әрі статистикалық тәсілдермен жүргізілді.

Топтарды салыстыру проекция, ауыстыру, компенсация, регрессия және ығыстыру бойынша статистикалық мәнді айырмашылықтарды анықтады.  Эмоциялық копинг көрсеткіші құқық бұзушы топтардың бір бөлігінде болды, ал мінез-құлықтық копинг бақылау тобында жиірек байқалды. Корреляциялық талдау психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегиялардың өзара байланысты екенін көрсетті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегиялары арасындағы байланысты эмпирикалық деректер негізінде бірге талдауда. Алынған нәтижелер девиантты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерін нақтылайды. Және кәмелетке толмағандарды психологиялық сүйемелдеу мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында пайдаланылуы мүмкін.

Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-17

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларының ерекшеліктері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 115-128. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-115-128

Ұқсас мақалалар

61-70 тен 85

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.