Оксфордтық позитивті Мен-концепциясы шкаласының қазақша және орысша нұсқаларының психометриялық қасиеттері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-168-188

Кілт сөздер:

өзі туралы когнициялар, өзі туралы наным-сенімдер, позитивті өзін-өзі қабылдау, Оксфордтың позитивті Мен-концепциясы шкаласы, психометриялық қасиеттер, сауалнаманы бейімдеу, валидизация.

Аңдатпа

Қазіргі зерттеулерде позитивті өзін-өзі қабылдау конструкциясы барған сайын өзекті бола түсуде. Позитивті өзін-өзі қабылдаудың диагностикалауды заманауи валидті әдістерінің бірі Оксфордтың позитивті Мен-концепциясы шкаласы. Қазақ және орыс тілдерінде позитивті өзін-өзі қабылдауды диагностикалау әдістері ұсынылмаған. Зерттеудің мақсаты Оксфорд шкаласын қазақ және орыс тілдеріне бейімдеу және валидизациялау болды.

Оксфорд шкаласы қазақ және орыс тілдеріне тікелей және кері аударма әдісі арқылы аударылды. Зерттеу онлайн-сауалнама түрінде 152 адамнан тұратын ықтималдықсыз іріктемеде жүргізілді (54 адам — қазақ тілінде, 98 адам — орыс тілінде). Шкаланың конструктивті валидтілігі, ішкі біртектілік бойынша сенімділігі және конвергентті валидтілігі өлшенді. Конвергентті валидтілікті тексеру үшін Розенбергтің өзін-өзі құрметтеу шкаласы, DASS-21 депрессия, мазасыздық және стресс шкаласы, сондай-ақ экзистенция шкаласы қолданылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша шкаланың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары қолайлы конструктивті валидтілікке ие екені анықталды (төрт факторлы модельге деректердің сәйкестігі жеткілікті деңгейде: χ2 = 270.92; CFI = .92; TLI = .91; RMSEA = .04; SRMR = .10 — қазақ тіліндегі нұсқа үшін, χ2 = 282.94; CFI = .94; TLI = .94; RMSEA = .04; SRMR = .08 — орыс тіліндегі нұсқа үшін); жоғары ішкі сәйкестілікке (ω = .93 — қазақ тіліндегі, ω = .94 — орыс тіліндегі нұсқа үшін); жоғары конвергентті валидтілікке ие: позитивті өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі құрметтеу арасында (r = .77), өзіндік трансценденциямен (r = .34) маңызды оң корреляциялар, ал депрессиямен теріс корреляция (r = –.47) анықталды.

Қазақ және орыс тілдеріндегі Оксфордтың позитивті Мен-концепциясы шкаласы зерттеу және практикалық салаларда позитивті өзін-өзі қабылдауды өлшеу құралы ретінде қолдануға жарамды.

Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 2

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оксфордтық позитивті Мен-концепциясы шкаласының қазақша және орысша нұсқаларының психометриялық қасиеттері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 168-188. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-168-188

Ұқсас мақалалар

81-90 тен 92

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.