Университет студенттерінің академиялық үлгерімі мен психологиялық әлауқатының психологиялық ресурсы ретіндегі саналы зейін (mindfulness)

Авторлар

  • Ж. Абишев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0005-2752-1281
  • К.Т. Куанжанова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет, Ақтөбе, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-4269-6838
  • Л.М. Гитихмаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-8093-6113
  • Д.Е. Тетерина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0001-1403-109X

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-154-1-8-22

Кілт сөздер:

саналы зейін, mindfulness, студенттер, академиялық үлгерім, психологиялық әл-ауқат, стресс, өзін-өзі реттеу, эмоционалдық тұрақтылық.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің саналы зейіні (mindfulness), академиялық үлгерімі, психологиялық әл-ауқаты және қабылданатын стресс деңгейі арасындағы өзара байланысын зерттеуге арналған эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессия деңгейін төмендетуге бағытталған АР 26102139 «MBSR (Mindfulness-Based Stress Reduction) практикаларын қолдану» ғылыми жобасы аясында жүргізілді және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауы мен қаржыландыруымен орындалды.

Зерттеуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 18–22 жас аралығындағы 131 студенті қатысты. Саналы зейін деңгейін бағалау үшін Mindful Attention Awareness Scale (MAAS) және Five Facet Mindfulness Questionnaire (FFMQ) әдістемелері қолданылды. Психологиялық әл-ауқат PERMA-Profiler сауалнамасы арқылы, ал субъективті стресс деңгейі PSS-14 шкаласы бойынша анықталды. Академиялық үлгерімді бағалау үшін студенттердің орташа оқу көрсеткіші (GPA) пайдаланылды. Статистикалық талдау Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті көмегімен жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері саналы зейін деңгейі мен студенттердің академиялық үлгерімі арасында мәнді оң байланыстың бар екенін, сондай-ақ саналы зейіннің жекелеген компоненттері мен психологиялық әл-ауқат көрсеткіштері арасында оң корреляциялар анықталғанын көрсетті. Ең тұрақты өзара байланыстар қабылданатын стресс пен дистресс деңгейінің төмендеуімен байланысты «әрекеттегі саналы зейін» компоненті бойынша байқалды. Алынған деректер саналы зейіннің студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен оқу тиімділігін арттыруға ықпал ететін маңызды психологиялық ресурс екенін дәлелдейді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Университет студенттерінің академиялық үлгерімі мен психологиялық әл￾ауқатының психологиялық ресурсы ретіндегі саналы зейін (mindfulness). (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 8-22. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-154-1-8-22

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 55

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары