Спорттық ортадағы аутодеструкцияға бейім үрдістердің тәуекел факторлары ретіндегі стресс, мазасыздық және қажу
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-93-103Кілт сөздер:
стресс, мазасыздық, шаршау синдромы, аутодеструктивті мінез-құлық, психикалық денсаулық, спортшыларАңдатпа
Бұл зерттеуде спорттық ортадағы аутодеструкцияға бейім мінез-құлықтың негізгі алғышарттары ретінде стресс, мазасыздық және эмоциялық қажу рөлі қарастырылады. Аталған факторлар спортшылардың психологиялық әл-ауқатына айтарлықтай әсер етіп, мотивацияның төмендеуіне, нәтижелердің нашарлауына, депрессиялық белгілердің және басқа да бейімделмеген мінез-құлық түрлерінің пайда болуына әкеледі. Тақырыптың өзектілігі қазіргі заманғы жаттығу талаптарының күшеюімен, әлеуметтік және психологиялық қысымның артуымен, сондай-ақ спортшылар арасындағы мазасыздық пен депрессия жағдайларының жиілеуімен байланысты.
Зерттеу барысында қазақстандық жағдайға ерекше назар аударылды: мұнда шектеулі психологиялық қолдау мен қоғамның жоғары күтулері қосымша эмоциялық қысым тудырады. Стресс, мазасыздық және қажу арасындағы байланыс пен олардың аутодеструктивті мінез-құлыққа ықпалы сандық талдау арқылы бағаланды. Нәтижелер созылмалы стресс пен жоғары мазасыздықтың эмоциялық сарқылумен тығыз байланысты екенін және оның деструктивті мінез-құлықтың күшеюіне әсер ететінін көрсетті. Зерттеу спортшылардың психикалық денсаулығын сақтау және олардың төзімділігін арттыру мақсатында кешенді психологиялық қолдау бағдарламаларын енгізудің маңыздылығын айқындайды.






