Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу: тренинг бағдарламасын әзірлеу және сынақтан өткізу.

Авторлар

  • Г.Х. Ганиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-7385-8268
  • С.В. Карагулакова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-7885-9833
  • Т. Болатбекқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0003-8588-4182
  • К.В. Дроздецкая Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-9319-1050
  • А.В. Кравченко Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0004-3783-7557
  • У.Л. Ростовщикова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0003-2068-1384
  • А.С. Кунаков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-4249-0755
  • Л.С. Кулжабаева Астана интегративті және отбасылық психология институты, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-3522-5659

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-63-88

Кілт сөздер:

агрессивті мінез-құлық, буллинг, буллинг-структура, жасөспірім, буллингтің алдын алу, өзін-өзі бағалау, мазасыздық, тренинг бағдарламасы, эмоциялық реттеу.

Аңдатпа

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жасөспірімдер арасында буллингтің орын алуы олардың жеке және әлеуметтік өмірін қолдауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеудің аса маңызды қажеттілігін тудырады. Мектептегі буллинг мәселесін зерттеу теориялық және практикалық маңызға ие. Бұл зерттеу қолданбалы бағытта жүргізіліп, буллингтің күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде көрініс табатын жасөспірімдер ұжымының әлеуметтік құрылымын жан-жақты зерттеуге негізделген. Диагностика жүргізу үшін Е. Г. Норкинаның «Буллинг-структура» әдістемесі қолданылды. Бұл әдіс қақтығыс жағдайында оқушылардың рөлдері мен позицияларын анықтауға, сондай-ақ қауіп тобындағы жасөспірімдерді айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу 7-сыныптың 27 оқушысынан тұратын таңдама негізінде жүргізілді. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, буллингтің алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған тренинг бағдарламасы әзірленіп, апробациядан өткізілді. Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтыды: эмоцияларды басқару, мазасыздықты жеңу, агрессивті мінез-құлықты түзету, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ жағымды тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру. Ерекше назар ата-аналар мен мұғалімдермен жұмыс істеуге аударылды, өйткені олар қақтығыстардың алдын алу мен шешуде негізгі рөл атқарады. Ата-аналарға буллингтің себептері мен салдары туралы ақпарат беріліп, балаларын қолдау бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды. Мұғалімдер буллингті анықтау және алдын алу әдістеріне, сондай-ақ оқушылармен өзара әрекеттесудің тиімді стратегияларына үйретілді.Эмпирикалық зерттеу ұсынылған бағдарламаның жоғары тиімділігін растады: жасөспірімдер арасындағы агрессия мен қақтығыстар деңгейінің статистикалық тұрғыдан едәуір төмендеуі, ұжымдағы психологиялық ахуалдың жақсаруы және оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы байқалды. Анықталған заңдылықтар бағдарламаның практикалық маңыздылығын көрсетіп, білім беру мекемелерінде жағымды әлеуметтік ортаны қалыптастыру, жасөспірімдер ұжымындағы қарым-қатынасты үйлестіру және проблемалық аймақтарды уақтылы анықтау мақсатында пайдалануға ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу: тренинг бағдарламасын әзірлеу және сынақтан өткізу. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 150(1), 63-88. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-63-88

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.