Психологиялық қызметтегі мамандардың кәсіби деформациясы және қиындықты еңсеруге бейім стратегияларды анықтау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-222-240Кілт сөздер:
психологиялық қызмет; кәсіби деформация; дистресс; бейімделгіш стратегиялар; копинг; кәсіби деформацияның алдын алу; кәсіби игілік.Аңдатпа
Мақала психологиялық қызметтегі мамандардың кәсіби деформациясы мәселесін және кәсіби қызметтегі қиындықты еңсеруге бейімделген стратегияларды зерттеуді қарастырады. Зерттеу нысаны – психологиялық қызмет саласындағы мамандардың кәсіби іс-әрекеті үдерісінде туындайтын психологиялық құбылыстар, оның ішінде кәсіби деформация үдерісі. Эмпирикалық әдісті жүргізу R. Lazarus, S. Folkman ұсынған «Копинг мінез-құлық тәсілдерін анықтау сауалнамасы (Ways of Coping Questionnaire, WCQ)» арқылы жүзеге асырылды. Сауалнама жүргізуде психологиялық қызмет саласындағы маманның кәсіби әрекет барысында қиындықтарды жеңу тәсілдерін, копинг-стратегияларын анықтау бағаланды. Осы зерттеу аясында психологиялық қызмет көрсететін мамандардың кәсіби деформация шеңберіндегі проблемалық аймақтары белгіленді, қиындықты еңсеруге бейімделген копинг стратегиялары анықталды. Алынған деректерді өңдеу үшін Спирменнің корреляция коэффициентін есептеу, «көптік регрессия» (multiple regression), «факторлық талдау» (factor analysis) әдістері негізінде корреляциялық талдау жасалды.
Зерттеуге жалпы және арнайы білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагог-психологтар, арнайы педагогтар және «Психология» мамандығының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылардың жас ерекшелігі мен еңбек өтілі бойынша копинг-стратегияларының арасындағы байланысты салыстыру болды, ал негізгі басымдылық еңбек өтілі бойынша алынған байланыстарда болды. Зерттеу нәтижесінде бұл стратегиялардың кәсіби деформацияны төмендету мен кәсіби бейімделуге үлес қосатыны регрессиялық және корреляциялық тұрғыдан дәлелденді.
Зерттеу нәтижелері психологиялық қызмет атқаратын мамандардың кәсіби деформациясының профилактикасына бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге негіз болды.




