Мұғалімдердің стреске төзімділігін арттыруда  факторлық талдау нәтижелерінің практикалық маңызы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-47-61

Кілт сөздер:

мұғалім, стресс, стреске төзімділік, RSA - ересектердің төзімділігін бағалау шкаласы, факторлық талдау, психологиялық ерекшеліктер, бейімделу мүмкіндіктері.

Аңдатпа

Күн өткен сайын мұғалімдердің денсаулығын, жұмыстан қанағаттануын және еңбек өнімділігін сақтау өзектілігі арта түсуде.  Мұғалімдерге қойылатын талаптардың күшеюі олардың психологиялық жағдайы мен кәсіби тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Мақалада Фриборг және бірлескен авторлар әзірлеген «Ересектерге арналған төзімділік шкаласы (RSA)» арқылы педагогтердің стреске төзімділігін анықтайтын негізгі психологиялық ерекшеліктер зерделеніп, факторлық талдау нәтижелерінің мұғалімдердің стреске төзімділік қабілетін арттырудағы практикалық маңызы қарастырылды. Бұл әдістеме Астана қаласындағы бір мектеп-лицейінде қолданылды. Сауалнамаға 135 респондент қатысты. Сауалнаманың бірінші бөлімінде респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары анықталды.  33 сұрақтан тұратын сауалнама педагогтердің өзіндік тиімділігі, әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары, отбасылық қолдау және бейімделгіштік секілді түрлі психологиялық аспектілерін қамтыды. Талдау барысында деректердің құрылымын қарапайымдау үшін көп мөлшердегі айнымалылар бірнеше негізгі факторларға топтастырылды. Факторлар санын анықтау үшін екі негізгі критерий қолданылды: Кайзер критерийі және “сынық” (Scree) диаграммасы.  Факторлық талдау стреске төзімділікті жақсартуға ықпал ететін маңызды компоненттерді анықтап, психологиялық қолдау мен кәсіби дамуды мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп күтілді. Зерттеу қорытындысы бойынша  RSA  сұрақтары педагогтердің стреске төзімділігінің психологиялық ерекшеліктерінің түрлі қырларын сипаттайтын негізгі төрт факторға жіктелді: отбасылық қолдау, өзіндік сенім, әлеуметтік дағды және икемділік. Факторлық талдау педагогтердің психологиялық портретін көпқырлы тұрғыда түсінуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Зерттеуде факторлық талдауды қолдана отырып, стрестік жағдайларда мұғалімдердің бейімделу қабілеттерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге практикалық ұсыныстар беріледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұғалімдердің стреске төзімділігін арттыруда  факторлық талдау нәтижелерінің практикалық маңызы. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 153(4), 47-61. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-47-61

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 43

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.