Рецензенттерге
Рецензенттерге
Құрметті рецензенттер!
Psychology and Cognitive Sciences журналының редакциясы жарияланатын материалдардың ғылыми сапасын қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреді. Төменде ұсынылған ережелер мен рецензия құрылымы келіп түскен қолжазбаларды бағалауға арналған.
Рецензиялаудың мақсаттары:
– ұсынылған жұмыстың түпнұсқалығы мен ғылыми жаңалығын бағалау;
– мақаланың мазмұнының журналдың тақырыптық бағыты мен мақсаттарына сәйкестігін анықтау;
– ғылыми мәтіннің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды шешім шығару.
Рецензияға қойылатын жалпы талаптар:
Рецензия объективті және бейтарап сипатта болуы тиіс, қолжазба мазмұнын ғылыми тұрғыдан талдауға негізделіп, рецензенттің жеке немесе кәсіби көзқарастарына тәуелді болмауы қажет.
Құпиялылық қағидаттарын сақтау міндетті: қолжазбаның мазмұны және авторлар туралы ақпарат (бар болған жағдайда) жария етілмеуі тиіс.
Ескертулер мен ұсыныстар сыпайы әрі конструктивті түрде берілуі, негізделген тұжырымдарды қамтуы және мүмкіндігінше мақаланы жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен толықтырылуы қажет.
Назар аударыңыз!!!
- Барлық шолулар ЖАСЫРЫН түрде беріледі.
- Рецензент өзінің жеке деректерін қандай да бір түрде көрсетпеуі тиіс.
Ынтымақтастық үшін және ғылымның дамуына қосқан үлесіңіз үшін рахмет!
Рецензия формасын осы жерден






