«Отбасылық өмір ата-ана көзімен» (Е. Шеффер, Р. Белл) әдістемесінің қысқартылған нұсқада қазақ тіліне бейімделуі

Авторлар

Кілт сөздер:

ата-аналардың қарым-қатынасы, әдістемені бейімдеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасылық тәрбие, психометриялық валидация, мәдени-лингвистикалық бейімделу, қазақстандық контекст.

Аңдатпа

Ата-ана ұстанымдары – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың сипатын жәнеотбасының эмоциялық ахуалын айқындайтын сенімдер, құндылықтар мен мінез-құлықтықүрдістердің жиынтығы. Е. Шеффер мен Р. Белл авторлығымен құрастырылған «Отбасылық өмірата-ана көзімен» (Parent Attitude Research Instrument (PARI) әдістемесі ата-аналардың отбасылықөмірді және тәрбиелік тәжірибелерді қабылдау ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Соңғыжылдары аталған психодиагностикалық құралды Қазақстанның мәдени-тілдік жағдайларынабейімдеу қажеттілігі туындады. Осы зерттеудің мақсаты қазіргі әлеуметтік-мәденижағдайлардағы ата-ана ұстанымдарының ерекшеліктерін көрсететін «Отбасылық өмір ата-анакөзімен» әдістемесінің валидті және сенімді қазақ тілді нұсқасын бейімдеу болды.

Зерттеуде сапалық және сандық тәсілдерді біріктіретін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынзерттеу дизайны қолданылды. Әдістемені бейімдеу барысында түпнұсқа тармақтарды аударужәне тілдік-мәдени контектіге сәйкестендіру қадамдары жүргізіліп, олардың мазмұндықвалидтілігіне сараптамалық бағалау жасалып, қазақстандық ата-аналар іріктемесіндеапробациядан өткізілді. Эксплораторлық факторлық талдау нәтижесінде ата-анаұстанымдарының негізгі қырларын қамтитын факторлық құрылым анықталды, оған ананыңшамадан тыс қамқорлығы, тәрбиедегі авторитарлық ұстаным, отбасылық шаршау және шиеленіс, демократиялық ұстаным және ынтымақтастыққа бағдар, жыныстық рөлдердің икемділігі жәнеотбасылық автономия жатады. Аталған құрылым конфирматорлық факторлық талдау арқылырасталып, модельдің келісімділігі мен бара-бар екендігінің қолайлы деңгейі анықталды.

Алынған деректер негізінде «Отбасылық өмір ата-ана көзімен» әдістемесінің қазақ тілдінұсқасы психометриялық тұрғыдан негізделген, валидті және сенімді құрал екенін әрі оныҚазақстан контексінде отбасы психологиясы, тәрбиелеу үдерісі және ұрпақаралық қатынастарсаласындағы психологиялық зерттеулерде одан әрі қолдануға жарамды деп қорытынды жасауғаболады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

«Отбасылық өмір ата-ана көзімен» (Е. Шеффер, Р. Белл) әдістемесінің қысқартылған нұсқада қазақ тіліне бейімделуі. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 125-156. https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal/article/view/141

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 61

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.