Мақала тапсыру ережелері
Барлық ғылыми мақалалар үш тілде қабылданады: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, олар бұрын баспа және/немесе электронды түрде жарияланбауы керек.
Редакцияға мақаланың соңғы нұсқасын алған күн мақаланы қабылдаған күн болып саналады. Редакция мақаланың мағынасын бұзбайтын мәтінге редакциялық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
«PSYCHOLOGY AND COGNITIVE SCIENCES» Журналында мақалаларды жариялауға әзірлеу барысында ғылыми мақаланың құрылымын қатаң сақтап және рәсімдеу ережелерін басшылыққа алу қажет.
Мазмұнды (мақала, зерттеу және т. б.) тапсыру үшін авторлар жұмыс істейтін немесе зерттеу жүргізумен байланысты ұйымнан ілеспе хат ұсыну қажет.
Хат келесі міндетті элементтерді қамтуы тиіс:
-
Ұйымның толық атауы — ұйымның ресми атауы көрсетілуі керек.
-
Ұйымның байланыс деректері — заңды мекенжай, телефон нөмірі, электрондық пошта.
-
Авторлардың қатысуын растайтын мәлімет — авторлар ұйымның қызметкерлері екені немесе ұйыммен бірлескен жобада жұмыс істейтіні расталуы керек.
-
Күні мен уәкілетті адамның қолы — ілеспе хат ұйымның уәкілетті өкілімен қол қойылып, оның лауазымы көрсетілуі қажет.
Хатты тапсыру мерзімі: негізгі материалмен бірге өтініш беру сәтінде.
Докторанттарға олардың ғылыми жетекшiсi әзірлеген мақалаға пiкiр берген жағдайда, бірлескен авторларсыз мақалалар жариялауға рұқсат етiледi.
Магистранттардың жұмыстары ғылым докторы немесе кандидаты, сондай-ақ PhD докторы бірлесіп жазған жағдайда ғана жариялануы мүмкін.