Жиі қойылатын сұрақтар
-
Мақаламен бірге қандай құжаттарды тапсыру қажет?
Мақаланы ұсыну кезінде қолжазбаның екі нұсқасын (авторлар туралы мәліметтері бар және рецензиялау үшін анонимдендірілген нұсқасын), ілеспе хатты және алдын ала төлемнің жасалғанын растайтын түбіртекті ұсыну қажет. -
Мақала үлгісін қайдан жүктеуге болады?
Мақала үлгісін осы жерден жүктеуге болады. Толық ақпарат «Авторларға» → «Рәсімдеу талаптары» бөлімінде берілген. -
Мақаланың көлемі қандай болуы тиіс?
Мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, кілт сөздер және әдебиеттер тізімі есепке алынбайды) кемінде 3 000 сөз және 7 000 сөзден аспауы тиіс. -
Мәтіннің рұқсат етілетін түпнұсқалық пайызы қандай?
Мақаланың түпнұсқалығы кемінде 80 % болуы тиіс. Мақала мәтінін генерациялау үшін жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынады. ЖИ тек көмекші құрал ретінде ғана қолданылуына рұқсат етіледі (мысалы, орфографияны, грамматиканы тексеру, аударма жасау үшін). -
Мақаланы жариялау үшін қандай тәсілдермен төлеуге болады?
Мақаланы жариялау ақысын Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, Bank RBK банктерінің қосымшалары арқылы банктік аударыммен төлеуге болады. Төлем реквизиттері осы жерде көрсетілген.





