Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Авторларға арналған нұсқаулық

##default.contextSettings.authorGuidelines##

Авторларды осы журналға материалдарын ұсынуға шақырамыз. Барлық материалдар алдымен журналдың мақсаттары мен тақырыптық бағытына сәйкестігі тұрғысынан редактор тарапынан бағаланады. Сәйкес деп танылған жұмыстар рецензиялауға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша материалды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылданады.

Материалды жібермес бұрын авторлар ұсынылатын материалдың құрамына кіретін фотосуреттер, құжаттар және деректер жинақтары сияқты барлық элементтерді жариялауға рұқсат алуы тиіс. Ұсынылған материалда көрсетілген барлық авторлар автор ретінде көрсетілуіне келісім беруі қажет. Қажет болған жағдайда зерттеу жүргізілген елдің заңнамалық талаптарына сәйкес тиісті этика комитетінің мақұлдауы алынуы тиіс.

Егер ұсынылған жұмыс ең төменгі сапа талаптарына сәйкес келмесе, редактор оны қабылдамауға құқылы. Материалды жібермес бұрын зерттеу жоспары мен дәлелдемелердің құрылымы дұрыс жасалғанына және нақты тұжырымдалғанына көз жеткізіңіз. Мақаланың атауы қысқа әрі нұсқа болуы, ал аңдатпа (аннотация) мәтіннің дербес әрі аяқталған бөлігі болуы тиіс. Бұл рецензенттердің мақаланы қарастыруға келісу ықтималдығын арттырады. Жұмысыңыздың осы талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін, төменде берілген бақылау тізіміне сәйкес материалды жіберуге дайындауыңызды сұраймыз.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

##default.contextSettings.checklist##

Мен осы арқылы оферта-шарттың талаптарымен танысқанымды және оларды қабылдайтынымды растаймын.

Ұсынылған барлық материалдар төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • Материал Авторларға арналған нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

  • Материал бұрын жарияланбаған және басқа журналда қарастырылып жатқан жоқ.

  • Барлық сілтемелердің дұрыстығы мен толықтығы тексерілген.

  • Барлық кестелер мен суреттер нөмірленіп, атауларымен рәсімделген.

  • Осы материалмен бірге ұсынылған барлық фотосуреттерді, деректер жинақтарын және басқа да материалдарды жариялауға рұқсат алынған.

  • Материалдарды жүктеу кезеңінде алдын ала жарнаның төленгені туралы түбіртек/чек бар PDF-файл.

Статьи

Политика раздела по умолчанию

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады